Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларындағы сорбенттер шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
1. Осы Жылу электр станцияларындағы сорбенттер шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу электр станцияларында ағынды суларды тазалаудың технологиялық схемаларының сорбициялық сүзгіштерінде пайдаланылатын сорбенттердің шығыс нормаларын есептеу үшін қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) сорбент - қоршаған ортадағы газдарды, буларды іріктеп сіңіретін қатты денелер немесе сұйықтықтар немесе еріген заттар;
2) сорбат - сорбент сіңірген зат;
3) белсендірілген көмір - қоршаған ортадан әртүрлі заттарды тазалау, бөлу және алу үшін қолданылатын, шығу тегі органикалық әртүрлі көміртекті материалдардан алынатын борпылдақ зат;
4) өнеркәсіптік ағынды сулар - өндірістік қажеттіліктер үшін пайдаланылған және қоспалармен ластанған сулар.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Жылу электр станцияларында сорбенттердің шығыс нормаларын есептеу
3. Осы Әдістемеде ағынды суларды өңдеу үшін сорбенттердің шығыс нормаларын есептеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11066 болып тіркелген) сәйкес ағынды суларды тазарту дәрежесін барынша қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
4. Нормаларды есептеу сорбция процесінің тиімділігін анықтау негізінде жүргізілген, ол былайша:
1) сорбент құрылымымен;
2) ластанудың химиялық табиғатымен және концентрациялануымен;
3) температурасымен;
4) ортаның белсенді реакциясымен айқындалады.